«Жалпы техника және технология» циклдік комиссиясы 2025–2026 оқу жылын қорытындылады.


2026 жылғы 24 маусымда өткен Әдістемелік кеңес отырысында цк жетекшісі А.Д. Селбаева 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар есебіне тоқталды. Жоспар бойынша жоспарланған оқу бағдарламасы толық көлемде орындалды. Білім алушылар техникалық сауаттылықтарын арттырып, техника мен технологияның негізгі қағидаларын меңгерді, теориялық білімдерін практикалық жұмыстар арқылы бекітті.Жыл бойы ашық сабақтар, семинар, конференциялар, чемпионаттар мен мамандықтар бойынша байқаулар ұйымдастырылып, білім алушылар оқыту нәтижелері бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Сонымен қатар арнайы пән оқытушылары Халықаралық, Республикалық, облыстық көлемде біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасты.  

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz