2026 жылы 22–23 маусым аралығында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі базасында WorldSkills талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан нысанында өткізілді.


Демонстрациялық емтихан бітіруші топтар үшін келесі мамандықтар бойынша ұйымдастырылды, 07130100 – Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша), 07130200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша), 07140100 – Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша), 07150100 – Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша), 07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.

Демонстрациялық емтихан барысында мамандықтар бойынша студенттер еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылып, кейін тапсырмалар модульдер бойынша орындалды. Нәтижелері CIS жүйесінің белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланды.

Білім алушылардың білім сапасын бағалауға әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысты: «КазАзот» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ, «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ, «МАЭК» ЖШС, «Тенарис» ЖШС, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК, «Маңғыстауэнерго» МКК, «Atyrau Oil Service» ЖШС, «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС, «Электроқуат» ЖШС, «Вест Авто» ЖШС, «BR LTD» ЖШС.

WorldSkills стандарттары негізінде білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында кәсіби конкурстарға қатысу белсенділігі арттырылуда. Нәтижесінде бітірушілерге Skills паспорты табысталды. 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz