8 желтоқсан күні Қостанай қаласында
Міржақып Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде студенттер Ассамблеясының Республикалық форумы өтті. Форумның мақсаты еліміздің әр өңірінен келген белсенді жастардың этносаралық келісімі мен бірлігін нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын білім беру жүйесінде ілгерілету.
Форумнан кейін студенттер И. Омаров атындағы драмалық театрында “Міржақып Дулатов” қойылымын тамашалады.
Сол күні кешкісін Достық үйінде жастар арасында “ЭтноQuiz” байқауы өткізілді. Байқау 5 турдан тұрды. Әр турдың сұрақтарына біздің студенттеріміз жүйелі, нақты жауап бере алды.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz