Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова арнайы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне барып, оқу орнының қызметімен танысты.
Сапар барысында мәртебелі меймандар колледж мұражайын аралап, оқу орнының қалыптасу тарихымен және жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, оларға колледждің материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу зертханалары және оқу процесіне енгізілген инновациялық жобалар таныстырылды.
Кездесу барысында колледждің инновациялық смарт-жобаларының тұсаукесеріне ерекше назар аударылды. Министрге «Смарт киіз үй», «Смарт орындық» сияқты әзірлемелер мен бірегей «Метажайлау» жобасы көрсетілді. Сондай-ақ қонақтар «Ақылды үй» зертханасының жұмысымен және 3D-принтердің мүмкіндіктерімен егжей-тегжейлі танысты.
Студенттерге кәсіби дағдыларды қауіпсіз әрі тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін виртуалды шынайылықты қолдана отырып оқытудың озық технологиялары жеке ұсынылды: қонақтарға электр монтаждау және сантехника бойынша виртуалды зертханалық жұмыстар, сондай-ақ ҰҰА (ұшқышсыз ұшу аппараттарын) басқарудың виртуалды симуляторы көрсетілді. Бұдан бөлек, делегацияға колледждің жеке YouTube-студиясы таныстырылды.
Кездесу кезінде колледжде енгізілген, білім беру процесін цифрландыруға, студенттердің оқу жетістіктерін бақылауға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектесетін «Smart College» жасанды интеллект жүйесінің жұмысы да таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова колледждің заманауи инфрақұрылымына және білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудегі табысты тәжірибесіне жоғары баға беріп, оқу орнының ұжымына алдағы жұмыстарында табыс, шығармашылық жетістіктер мен жаңа биіктерді бағындыруды тіледі.
Мұндай кездесулер техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға, тәжірибе алмасуға және білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға жаңа серпін береді.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz