Щучинск қаласында 100-ден астам белсенді де талантты колледж студенттері бас қосты.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақмола облысының көрікті Щучинск қаласында 100-ден астам белсенді де талантты колледж студенттері бас қосты.

Сол белсенді жастардың қатарында — энергетика саласына аса қажетті білікті мамандарды даярлайтын, жарты ғасырлық тарихы бар киелі білім ордасы — Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 3-курс студенті Аяпберген Ерзат Еркінұлы да бар.

Слет бағдарламасы – болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған мазмұнды іс-шараларға толы болды. Қатысушылар шеберлік сағаттарына қатысып, мотивациялық кездесулер мен интерактивті тапсырмаларды орындады, креативті топтық жобалар әзірледі, танымдық көрмелерді тамашалады. Сонымен қатар, іскерлік және мәдени бағыттағы түрлі шаралар да ұйымдастырылды. Слет аясында студенттер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Ақмола облысының әкімімен кездесу мүмкіндігіне ие болды. 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz