«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды

2024 жыл 22 қарашада Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер көрсету нарығында жетекші орын алатын «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Сонымен қатар колледж студенттері үшін кәсіптік тәжірибе өткізуді қарастыратын келісім шарт жасалды. Келісім шартқа  «МӨЭК» АҚ Басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов пен колледж басшысы  Айнагул Жұмағали қол қойды.«МӨЭК» АҚ мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық энергетика саласы үшін мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Келісімнің негізгі міндеттері:
• білім беру жүйесі мен энергетика саласы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
• энергия секторы үшін білікті мамандарды даярлау;
• бірлескен ғылыми және зерттеу жобаларын іске асыру.
Жасалған келісім  шарт шеңберінде колледж оқытушылары тағылымдамадан, студенттеріміз «МӨЭК» АҚ нысандарында кәсіптік практикадан өтіп, қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтармен танысып, тәжірибеден өтетін болады.  

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz