«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша халықаралық кәсіби байқауға 12 қатысушы қатысты

«Алматы құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК кәсіпорнының базасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістан, Маңғолия, Әзірбайжандағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында WorldSkills стандарттары бойынша «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша халықаралық кәсіби байқауға 12 қатысушы қатысты. Оның 11 еразамат 1 қыз бала колледжің өндірістік оқыту  шебері Кенжалиева Әсел Қабиденқызы.  Халықаралық байқауда қатысушылар өздерінің  кәсіби шеберліктерін көрсете отырып, конкурстық тапсырманы сәтті орындады. Байқауға қатысушылар сантехника мамандығының беделін арттыруға өз үлестерін қосты. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықтың ниженерлік жүйелерін пайдалану ерекше  білім  мен біліктілікті қажет етеді. Қорытынды бойынша қыз баласы бола тұра, еразаматтармен сайыс додасына түсіп, Кенжалиева Әсел Қабиденқызы  «ЛЕДИ МАСТЕР» номинациясымен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестен көріне беруіне тілектеспіз! Сонымен қатар  «Грое Орталық Азия» ЖШС Орталық Азия, Кавказ, Маңғолия аймақтарының бас директоры А.А.Бойко  мырза алғашқы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Маңғолия, Әзірбайжандағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында WorldSkills стандарттары бойынша «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша халықаралық кәсіби конкурсқа белсене қатысқаны үшін Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне өз ризашылығымен «Алғысын» білдірді.  

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz