"Әлеуметтік серіктестік аясындағы кәсіби тәжірибе: өндірістік ортадағы тәжірибелік білім" тақырып әлеуметтік серіктес мекемедегі саяхат

Қазақстанда жарияланған 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, 07130200- «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» мамандығы 4S07130202 – «Техник -электрик»  біліктілігі 2 курс студенттері «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ға (МӨЭК) саяхатқа  барды. Бұл кездесу тек білім беру іс-шарасы ғана емес, теория мен тәжірибені, оқу аудиториясы мен нақты өндіріс арасындағы нағыз көпірге айналды. Бірінші пункті «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығы болды. Мұнда студенттер қауіпсіздік шараларымен, заманауи білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ компаниядағы мансаптық мүмкіндіктермен таныстырылды.
«Бүгінде біздің алдымызда жастарға білім беріп қана қоймай, олардың өмірде қалай қолданылатынын көрсету міндеті тұр. Мұндай
саяхаттар — өңір энергетикасының болашағына салынған инвестиция», — деп атап көрсетті Корпоративтік оқу орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы. Келесі бөлім  электрэнергиясын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) бөліміне барды. Мұнда болашақ энергетиктерге электр энергиясын тұтынуды бақылаудың және деректерді басқарудың цифрлық әдістері туралы айтылды. Метрология қызметіне және Сынау қызметіне бару студенттердің  үлкен қызығушылығын тудырды.Оларға жабдықтың дәлдігін тексеру және электржелілерін пайдалану сапасын бақылау қалай жүзеге асырылатындығы көрсетілді. Саяхат ұйымдастырып берген «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Сыздықов Қасымхан Ғалымжановичке өз алғысымызды білдіреміз. 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz