Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 20.01.-31.01.2025 жыл аралығында тағылымдамадан өтеді

Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер көрсету нарығында жетекші орын алатын «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен «Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері  20.01.-31.01.2025 жыл аралығында тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама ұйымдастырушы «МӨЭК» АҚ басқарма төрағасы Сыздықов Қасымхан Ғалымжановичке өз алғысымызды білдіреміз.

«Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледж» арнайы пндер оқытушылары Аманшаева Зейнеш Акмурадовна және Бекжанова Асель Утеубердыевна әлеуметтік серіктес мекемесі «КазАзот» АҚ 20.01.-31.01.2025 жыл аралығында тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама ұйымдастырушы   «КазАзот» АҚ  бас директоры Маулешов Арман Ахметжановке  өз алғысымызды білдіреміз.   

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz