- зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың деректері негізіндегі оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі;
Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға ықпал ету бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде: директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары топ кураторларынан жұмысқа орналасқан және жқмысқа орналаспаған түлектермен жұмыс істейді. Яғни, ол еңбек нарығындағы мінез-құлықтың негізгі әдістерімен әдістерімен таныстырады, бұл кадрлық агенттікке жүгіну, түйіндеме жасау және ұсыныс хаттарын рәсімдеу, жұмыс берушілермен телефон арқылы сөйлесу. Әлеуметтік серіктестерден бос жұмыс орындарын анықтай отырып, барлық «Бос орындары» жәрмеңкелеріне қатыса отырып, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс жүргізеді, соның нәтижесінде біздің түлектер жұмысқа орналасады. Жұмыспен қамту бойынша соңғы 3 жылдың көрсеткіштерін талдай отырып, келесі көрсеткіштерді атап өтуге болады:
2021-2022 жылдар:
Ø -түлектердің жалпы саны – 238
Ø -жалпы жұмыспен қамту – 169 (71,10%)
2022-2023 жылдар:
Ø -түлектердің жалпы саны – 254
Ø -жалпы жұмыспен қамту – 185 (72,80%)
2023-2024 жылдар:
Ø -түлектердің жалпы саны – 197
Ø -жалпы жұмыспен қамту – 159 (80,10%)
Жұмыс берушілер заманауи мамандарға, атап айтқанда,
бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, жұмыс ұжымында бейімделу қабілеті,
коммуникативті дағдылар сияқты жаңа талаптар қояды. Сондықтан түлектерді
жұмысқа орналастыру мәселесі қашанда өзекті болып табылады және оны шешуге «Бос
жұмыс орындары жәрмеңкелерін» ұйымдастыру және өткізу оң ықпал етеді. Соңғы үш жылға талдау
жасайтын болсақ, бітіруші түлектердің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы
жыл санап артып келеді, өз әскери борышын өтеуге кететіндер саныда соңғы жыл
өте жоғары, ТжКБ ақылы түрде оқуға қабылданушыларда көбейді. Осы талдау
нәтижесінде колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлайтын бірден –
бір колледж екендігі дәлел. Колледж түлектері колледжден жіберген өндірістік тәжірибе барысында жұмысқа
орналасу жыл санап арттып келеді.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz