Байқау аясында Маңғыстау өңіріндегі қасиетті орындарға — Отпан тау, Қараман ата жерасты мешіті және Көгез этноауылына танымдық-тарихи сапар ұйымдастырылды. Мақсат – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Байқау бағдарламасы:
• 1-күн: Отпан тауда тарихи-экологиялық экскурсия, музейге саяхат, бейнеролик түсіру.
• 2-күн: Көгез этноауылында «Мың бояулы Маңғыстау» номинациясы, Қараман ата мешітіне бару, Бекі ауылында спорттық шараларға қатысу.
• 3-күн: «Экологиялық шолу» номинациясы, тазалық акциясы және марапаттау рәсімі.
Үш күнге созылған бұл байқау — оқушылардың туған өлкені тануына, табиғатты қорғауға және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.
Mangystau Region, Aktau City,
Microdistrict 3B, 17, 4th Floor
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Technical Support Mediana.kz