Мақсаты: колледждің халықаралық қызметін түрлі бағытта дамыту, басқа елдердің серіктес колледждерімен достық іскерлік қарым-қатынас орнату, колледжді халықаралық бағдарламаларға, жобаларға және кәсіби шеберлік байқауларына қатысу.
2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесінің дамуының заманауи әлемдік үрдістерге сәйкестігін қамтамасыз ету. Қолданыстағы кәсіптік білім беру жүйесін экономиканы жаңғырту алдында тұрған міндеттерге жақындату 4.0.
Кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жаңа стратегиялары мен жолдарын іздеу.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
— оқу-әдістемелік құжаттаманы бірлесіп әзірлеу;
— колледждердің тәжірибесі негізінде оқу үдерісін басқару жүйесін жетілдіру;
— профессорлық-оқытушылық құрамның және өндірістік оқыту мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарларын өткізу;
— іс-шараларды бірлесіп өткізу (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтары, коучингтер, онлайн семинарлар, ашық сабақтар, олимпиадалар, конкурстар);
— студенттермен алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, жаңа білім беру технологиялары, стартап жобалары бойынша мақсатты қысқа мерзімді курстар өткізу, студенттердің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу;
— TBLT, BOPPPS оқытудың инновациялық технологияларын (әдістерін) оқу үдерісіне енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
— колледж студенттерін барлық біліктілік деңгейінде оқытуда «WorldSkills» халықаралық қозғалысының жетістіктері мен стандарттарын оқу үдерісінде пайдалану;
— тәжірибе алмасу және оқу үдерісіне мехатрондық жүйелер мен модульдерді, робототехника мен өндірістік автоматтандыруды енгізу.
Халықаралық ынтымақтастық аясында жетекші колледждермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:
Ресей Федерациясы - 2
«Халықаралық құзырет орталығы – Қазан ақпараттық технологиялар және коммуникациялар техникалық техникумы» мемлекеттік автономды кәсіптік оқу орны.
«Қазан энергетикалық колледжі» мемлекеттік автономды кәсіптік оқу орны.
Беларусь Республикасы – 1
«Республикалық кәсіптік білім беру институты» ББМ, Минск қаласы Начало формы
Франция Республикасы - 2
«School Raspail»
«Marcel Deprez by French School»
Қытай - 1
«Шыңжаң жеңіл өнеркәсіп институты», Үрімші қаласы
Қазақстан - 5
«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті», Ақтау қаласы
«Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Университетi », Алматы қаласы
Абай облысы білім басқармасының «Электротехника колледжі» КМҚК, Семей қаласы
КМҚК «Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі», Алматы қаласы
КМҚК «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі», Жаңаөзен қаласы
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz