Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледінің тарих пәнінің оқытушысы Батырғалиева Айзада IV Түркі әлемі музейлерінің кездесуіне
«Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы» атты халықаралық симпозиумына арнайы шақырту хатымен қатысты.
Симпозиумда педагог-модератор Батырғалиева А.Қ. «Ортағасыр кезеңіндегі әйел тас мүсіндері мен олардың географиялық таралу аймағы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, түркі әлемінің мәдени мұрасындағы әйел бейнесінің мәні мен таралу ерекшеліктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, симпозиум аясында Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ерекше кілем көрмесі ашылуына қатысты.
Бұл кездесу түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени байланысын нығайтып, мұраларымызды зерттеу мен дәріптеу бағытындағы маңызды қадам болды.
Mangystau Region, Aktau City,
Microdistrict 3B, 17, 4th Floor
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Technical Support Mediana.kz