“Қоқысты гүлге айырбастаймыз!”

Ел Президентінің биылғы Жолдауын жүзеге асыруда: “Қоқысты гүлге айырбастаймыз!”

Иә, иә — дұрыс естідіңіздер!

Біз енді қоқысты жай тастамаймыз — оны гүлге айналдырамыз!

Күн сайын оқу кабинеттеріндегі қоқыс жәшіктерін толтырып кететін пластик бөтелкелерді жинап, сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырамыз. Ал сол үшін төленетін қаражатқа колледжге гүлдер алып отырамыз.

Бүгін осы идеяны жүзеге асыру үшін колледждің еріктілері колледж ішіне үш сұрыптау контейнерін орнатты. Алдағы уақытта арнайы мекемемен келісіп, пластик бөтелкелерге арналған сетканы колледж ауласына қоюды жоспарлап отырмыз.

Бұл — жай ғана экологиялық бастама емес, бұл тазалық пен әдемілікті қатар қалыптастыру жолындағы қадамымыз.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экологиялық мәдениетті арттыру мен “Таза Қазақстан” бастамасын қолдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстарға біз де өз үлесімізді қосудамыз

Құрметпен, колледж еріктілері 


© 2025| Technical Support Mediana.kz