“Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты”

17-ші қазанда колледжімізде ұлттық құндылықтар мен тәрбиелік бағыттағы “Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты” мазмұнды семинар өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттерге ұлттық салт-дәстүр мен тәлім-тәрбие негізінде ер бала мен қыз бала тәрбиесіне қатысты ұғымдарды түсіндіру, жауапкершілік пен инабаттылыққа баулу болды.

Семинарға 87 студент қатысып, тәрбиелік және психологиялық бағыттағы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Семинарда сөз сөйлегендер:

Игликова Рыскүл Әльмішқызы – ҚР білім беру ісінің үздігі, «Шаңырақ» қоғамдық қорының жетекшісі;

Алимжанова Индира Ерлантайқызы – «Аналар үйі» қоғамдық қорының жетекшісі;

Джамалова Саида Нурлановна – психолог;

Мусина Муминат Мурасбековна – Дағдарыс орталығының жетекшісі;

Мусрепова Х. К. – колледж психологі;

Джумабаева Дина Ходжабаевна – облыстық СӨСҚ орталығының психологі;

Салихова Гульжанат Нурболатовна – колледж медбикесі.

Шара барысында ұлттық тәрбие, психикалық денсаулық, эмоционалдық қолдау және өмірлік жауапкершілік тақырыптары талқыланды.

Қорытындысында студенттерге «Адам өмірі – ең басты құндылық» екені ескертіліп, өз денсаулығы мен мінез-құлқына саналы көзқарас қалыптастырудың маңызы атап өтілді. 


© 2025| Technical Support Mediana.kz