TurkicSkills халықаралық чемпионатының делегаттары колледждің оқу кабинеттерінде!

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген TurkicSkills халықаралық чемпионатының делегаттары колледждің оқу кабинеттерін аралап, заманауи білім беру ортасымен танысты.

Қонақтар оқу аудиторияларындағы интерактивті электронды панельдерге, қауіпсіздік пен бақылауға арналған бейнекамера жүйесіне, сондай-ақ сплит-жүйелер арқылы жасалған жайлы микроклиматқа ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, қабырғаларды безендірген заманауи 3D суреттер мен шығармашылық дизайн оқу ортасына ерекше сән беріп, студенттерге шабыт сыйлайды деп пікір білдірді.

Делегаттар колледжде білім алушыларға жасалған мұндай қолайлы жағдайларды жоғары бағалап, оқу процесін заманауи технологиялармен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті. 


© 2025| Technical Support Mediana.kz