Әдістемелік кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК Әдістемелік кеңесі туралы ереже шығармашылық топтардың (циклдік комиссиялардың, әдістемелік мектептердің) қызметін үйлестіру мақсатында әзірленген және білім беру үдерісін жетілдіруде колледж оқытушыларының күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
1.2. Әдістемелік кеңес шығармашылық ұжымдарға (циклдік комиссиялардың, әдістемелік мектептердің) білім беру үдерісін ұйымдастыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралармен айналысуға мүмкіндік беретін жүйелі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
1.3. Әдістемелік кеңес өз қызметінде басшылыққа алады:
- "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын;
- Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №644 бұйрығын;
- Колледж жарғысын және осы Ережені.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
2.1. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру;
3) білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;
5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
7) білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
9) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;
10) педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;
11) білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
12) білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.
3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
3.1. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;
2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;
4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;
7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім беру мамандарының (кәсіптерінің) тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;
8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
9)Жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;
10) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;
11) пререквизит және постреквизиттерді бекіту;
12) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
13) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;
14) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;
15) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
4. Кеңестің сайлау және жұмыс тәртібі
1. Кеңестің құрамына колледж басшысының орынбасарлары, циклдік комиссия, озат тәжірибе мен жас мамандар мектебінің жетекшілері, оқытушылар кіреді. Кеңестің құрамы колледж басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2. Кеңесті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары - Төраға басқарады.
3. Кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады.
4. Кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және білім беру ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
6. Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
7. Егер әдістемелік кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда әдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады.
8. Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы колледждің педагогикалық, ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.
9. Әдістемелік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.
Негізі: Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығы.
2024/2025 оқу жылы бойынша колледждің әдістемелік Кеңесінің құрамы:
1) Кеңес төрайымы – басшының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңаберген С.К.
2) Кеңес хатшысы – әдіскер Бошманова Б.И.
Мүшелері:
3) Булекбаева Ж.Ж. – Басшының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
4) Жамурова А.Н. – Басшының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
5) Измухамедов М.А. – Басшының кәсіптік бағдар беру жұмыстары жөніндегі орынбасары
6) Сыдыкова Г.Г. – Басшының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
7) Сундетбаева А.Ж. – «Тілдер және қоғамдық-гуманитарлық» циклдік комиссиясының жетекшісі
8) Кенжебекова З.Б. – «Жаратылыстану және дене тәрбиесі» циклдік комиссиясының жетекшісі
9) Селбаева А.Д. – «Жалпы техника және технология» циклдік комиссиясының жетекшісі
10) Жақсылықова С.К. – «Энергетика және басқару» циклдік комиссиясының жетекшісі
11) Избасарова А.Ж. – «Ақпараттық технологиялар» циклдік комиссиясының жетекшісі
12) Едигенова З.К. – Жас мамандар мектебінің жетекшісі
13) Бекжанова А.У. – «Озат педагогикалық тәжірибе» мектебінің жетекшісі, педагог-зерттеуші
14) Такабаева З.Р. – өндірістік оқыту шебері, педагог-сарапшы
15) Булекбаева А.С. – э.ғ.к., арнайы пән оқытушысы
16) Чуйшбаев К.Д. – арнайы пән оқытушысы, педагог-сарапшы
17) Матжанова Р.К. – жоғары санатты арнайы пән оқытушысы
Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz