Колледж тарихы

«Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК өңіріміздегі өндірістік әлеуетінің және экономикасының деңгейін арттыруда заман талабына сай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны болып табылады.

Колледж – білім алушылардың, педагогтардың, жұмыс берушілердің және басқа да тараптардың мүддесінде жұмыс істейтін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған білім беру ұйымы.

Оқу орнының негізгі міндеті оқу процесіне жаңа әдістерді және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізуде техникалық және кәсіби білім беруде Қазақстандық модельге айналу.

Білім деңгейі, ой-өрісі икемді, кәсіби шеберлігі бар, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыру оқу орнының негізгі тенденциясы.

«Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК 1972 жылы іргетасы қаланған Маңғыстау облысындағы энергетика саласында мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны болып табылады.

1972 жылы 17-қараша күні  (Қазақ КСР-ы кәсіптік-техникалық білім Министрілігінің № 1076 бұйрығы)  Каспий аймақтық кен-металлургиялық комбинаттың (қазіргі «Каскор» акционерлік компаниясы) негізінде құрылып, «№ 194 Қалалық кәсіби-техникалық училищесі» деп аталды.

1973 жылы  29-мамыр күні (Маңғышлақ облыстық кәсіби-техникалық білім басқармасының № 317 бұйрығы) ГПТУ – 194 (ҚКТУ – 194) атауы Маңғышлақ облысы Шевченко қаласының № 194 орта кәсіби-техникалық училищесі болып өзгертілді.

Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының 1995 жыл 09 наурыз  № 247 шешімі, Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының 1995 жылы 7 сәуір № 95-ОД бұйрығы бойынша СПТУ – 4 атауы № 4 жоғарғы кәсіби училищесі деп ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жыл 21 сәуірдегі  № 602 Қаулысы бойынша № 4 Жоғары кәсіби училищесінің атауы «Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп өзгертілді.

2022 жылы 13 мамыр Маңғыстау облысы әкімдігінің № 70 Қаулысымен «Маңғыстау энергетикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны атауы «Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» Мемлекеттік   коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп өзгертілді.  


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz