«ETF Green Skills Awards 2025»

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Қарашаев Досан Элыпович пен Ондаханова Айнұр Амангельдыевна халықаралық деңгейдегі беделді «ETF Green Skills Awards 2025» жобасында үздіктер қатарынан көрінді.

Аталған байқау Еуропалық оқыту қорының (European Training Foundation – ETF) ұйымдастыруымен өткізілді. Педагогтер байқауға «Заманауи білім беру бағдарламаларының жасыл технологияларды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы авторлық жобаларын ұсынып, жаңартылатын энергия көздерін оқу үдерісіне тиімді енгізу және болашақ мамандардың экологиялық құзыреттілігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді жан-жақты негіздеді.

Халықаралық жобаға әлемнің 50-ден астам елінен 250-ден аса үміткер қатысып, іріктеу бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Барлық кезеңдерден сәтті өткен маңғыстаулық педагогтер өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында жоғары кәсіби деңгейде қорғап, нәтижесінде ең үздік бес жобаның қатарына енді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 30 қаңтарда Италияның Турин қаласында өтті. Салтанатты шара Турин политехникалық университетінде ұйымдастырылған «ЕО – Италия энергетика күндері: энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету және нығайту бойынша жаңа іс-қимылдар» атты халықаралық конференция аясында өткізілді. Биылғы рәсім «Жасыл дағдылар» (Green Skills) сыйлығының бес жылдық мерейтойына арналды.

Бұл жетістік Маңғыстау облысының ғана емес, Қазақстан Республикасының кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді және отандық педагогтердің тұрақты даму мен жасыл экономиканы ілгерілетуге қосып отырған нақты үлесін дәлелдейді.

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Қарашаев Досан Элыпович пен Ондаханова Айнұр Амангельдыевна ұсынған «Заманауи білім беру бағдарламаларының жасыл технологияларды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы авторлық жобалары

беделді «ETF Green Skills Awards 2025» халықаралық жобасында үздік 5 жобаның қатарына енді.

Байқау Еуропалық оқыту қорының (ETF) ұйымдастыруымен өтті.

Колледж педагогтері ұсынған авторлық жоба жаңартылатын энергия көздерін білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын көрсетті.

Аталған халықаралық додаға 50-ден астам елден 250-ден астам қатысушы қатысты. Жеңімпаз педагогтерімізді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 30 қаңтарда Италияның Турин қаласында, Турин политехникалық университетінде өтті.

Бұл жетістік — Маңғыстау облысының ғана емес, Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі беделін арттырған маңызды қадам!

Еңбегімен танылған әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz