«Siemens S7-1200 PLC бағдарламалау және пайдалануға беру»

Бүгін колледжімізде Tenaris компаниясының қолдауымен

«Siemens S7-1200 PLC бағдарламалау және пайдалануға беру» және

«Danfoss жиілік түрлендіргішін орнату және пайдалану» тақырыптарында

шеберлер мен арнайы пән оқытушыларына арналған 3 күндік кәсіби курс басталды.

Курстың алғашқы күні теориялық дайындыққа арналды.

Қатысушылар Siemens PLC құрылғыларының жұмыс логикасы, бағдарламалау негіздері және Danfoss түрлендіргіштерінің параметрлеу ерекшеліктерімен танысып, өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар бойынша білімдерін толықтырды.

Бұл курс — оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды мүмкіндік! 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz