Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіріп, бүгінгі таңда нарықта жоғары сұранысқа ие бағыттарды таныстырдық:
Энергетика – аймағымыздың өндірістік күші мен жарығын ұстап тұрған сала.
IT-технологиялар – цифрлық әлемнің тілін меңгеріп, болашақты басқару мүмкіндігі.
Техникалық бағыттар – заманауи қондырғылармен жұмыс істейтін нағыз кәсіби мамандардың жолы.
Неліктен МЭК-ті таңдау керек?
Оқушыларға колледжіміздің заманауи зертханалары, білікті ұстаздары және болашақ жұмыс орындары туралы толық ақпарат берілді. Біз тек білім беріп қана қоймай, әр студенттің кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына жол ашамыз!
Батыр ауылының №10 мектеп оқушылары өте белсенді болып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл жас буынның болашаққа деген құлшынысы бізді қуантты!
Сенің де сәтті қадамың бізден басталуы мүмкін. МЭК — сапалы білім мен сенімді болашақтың мекені!

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz