«Сандық әлем: идея, білім, инновация» онкүндігінің жабылуы өтті.


Онкүндік барысында ұйымдастырылған ашық сабақтар, цифрлық шеберлік сыныптары, интеллектуалдық квиздер, сайыстар мен тәжірибелік жұмыстар жоғары деңгейде өтті. Педагогтер мен білім алушылар заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынып, білімдерін шыңдап, инновациялық көзқарастарын көрсетті.

Әрбір шара – шығармашылық пен кәсіби шеберліктің көрінісі болды. Белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, онкүндік жұмыстары жан-жақты талқыланып, қорытындыланды.

«Сандық әлем» онкүндігі – білім мен технологияның тоғысқан алаңы болып, жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашты.

Барлық қатысушыларға белсенділік пен кәсібилік үшін алғыс білдіреміз! 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz