«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша тәжірибелік оқу-жаттығудан өтті.

2025 жылғы 20–25 қазан аралығында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің педагогтері Б.И.Бошманова мен Ә.Қ. Кенжалиева білім алушылармен бірге Ж.Ерланов (ЖЭС-1/22) және Н.Клышбай (Мгхө-1/24) Ақтөбе қаласындағы “Jakko” академиясында «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша тәжірибелік оқу-жаттығудан өтті.

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты – заманауи сантехникалық және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру, сонымен қатар өндірістік жағдайдағы практикалық тәжірибесін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс жасап WSK - тың тәжірибелік тапсырмаларын орындады.

Жаттығу соңында педагогтер мен білім алушылар алған білімдері мен дағдыларын нақты тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие болды. Тәжірибе сәтті өтіп, қатысушылар кәсіби құзыреттіліктерін арттырды және сертификаттар табысталды. 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz