“Ауған ардагер-жауынгерлеріне тағзым”

“Ауған ардагер-жауынгерлеріне тағзым” тақырыбында колледжішілік кездесу кеші өтті. Кездесуді ұйымдастырушы АЖБ-4/25 тобы мен жетекшісі Г. Г. Кдырова.

Шараның мақсаты: ауған оқиғасының мағынасын ашып студенттерге түсіндіру. Ауған соғысы жайлы ардагерлерден тереңірек мәлімет алу, олардың қиын-қыстау күндерде жүріп өткен жолы, бастан өткізген қиыншылықтары, қандай қиындық болса да оған қарсы тұра білуді студенттерге жеткізу. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, студенттердің бойында патриоттық сезімді ояту.

 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz