“Талап бар жерде тәртіп бар” тақырыбында студенттермен кездесу өтті

Маңғыстау облысында жастардың құқықтық сауатын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы студенттермен кездесіп, “Талап бар жерде тәртіп бар” тақырыбында сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, адалдық қағидалары және жастардың құқықтық мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

Бұл шара жастардың құқықтық сауатын арттырып, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосты. Әр азаматтың белсенді ұстанымы – әділетті қоғамның кепілі!

 

© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz