“Заң және тәртіп” айлығының ашылуы өткізілді.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” айлығының ашылуы өткізілді. Айлықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарау және тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру.

Айлық аясында топтарда “Заң және заман” тақырыбында қауіпсіздік сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді. 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz