«Энергетика және басқару» циклдік комиссиясы 2025–2026 оқу жылын табысты қорытындылады.
2026 жылғы 24 маусымда өткен Әдістемелік кеңес отырысында циклдік комиссия жетекшісі Р.Н. Сарсен 2025–2026 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін ұсынып, комиссияның жетістіктері мен алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттеріне тоқталды.
Оқу жылы барысында комиссия оқытушылары білім беру сапасын арттыру, заманауи өндіріс талаптарына сай білікті мамандар даярлау және студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.
Жыл бойы ашық сабақтар, өндірістік бағыттағы семинарлар, шеберлік сыныптары, кәсіби байқаулар, ғылыми-практикалық конференциялар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Комиссия оқытушылары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі кәсіби іс-шараларға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.
Жаңа оқу жылында жаңа мүмкіндіктер, толағай табыстар және биік белестер тілейміз!

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz