Кездесудің негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігін арттыру, студенттердің сабаққа қатысуын бақылау және кураторлардың тәрбие бағытындағы жұмысын жетілдіру болды.
Жиында оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Жамурова студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерім деңгейі және оқу тәртібіне байланысты өзекті мәселелерді атап өтті. Кураторларға студенттердің сабаққа қатысын күнделікті бақылап, ата-аналармен байланыс орнату қажеттігі айтылды.
Колледж психологы студенттер арасындағы буллинг, стресс және оқшаулану тақырыптарында баяндама жасап, олардың алдын алу жолдары мен психологиялық қолдау шаралары туралы ұсыныстар берді.

 Мангистауская область, город Актау,
 3Б микрорайон, 17 4 этажа
 8 (7292) 50 22 00 
 post.mek@mail.ru
© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz