BABYSKILLS жобасы аясындағы салтанатты шара өтті


30 желтоқсан күні BABYSKILLS жобасы аясында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында №11 «Каусар» балабақшасында салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге еңбекке деген сүйіспеншілікті дарыту, жұмысшы мамандықтарының маңызын ерте жастан таныту және болашақ мамандыққа деген алғашқы қызығушылықты қалыптастыру болды.

Салтанатты жиын барысында балалар түрлі мамандықтармен танысып, өз қабілеттерін көрсетіп, белсенділік пен шығармашылық танытты. Бұл – BABYSKILLS жобасының жас ұрпақты еңбекке баулудағы тиімділігін айқын көрсеткен жарқын сәттердің бірі болды.

Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастырып, еңбек адамына деген құрметті арттыруға үлкен үлес қосады.

Барша қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, сәтті қадамдар тілейміз! 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz