АКТАУ YOUTH FORUM – ЖАС МАМАНДАРҒА МҮМКІНДІК!

Бүгін Ақтау қаласында жастар форумы «Aktau Youth Forum» өз жұмысын бастады! 

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің жас мамандары бұл форумға қатысып, жаңа тәжірибе жинап, кәсіби байланыстар орнатты.

Форум барысында:

жастардың кәсіби даму жолдары талқыланды;

инновациялық жобалар мен идеялар ортаға салынды;

тәжірибелі спикерлермен кездесулер, тренингтер өткізілді.

Мұндай шаралар жас мамандарға өз мүмкіндіктерін кеңейтуге, кәсіби өсуге және қоғамдағы белсенді азамат болуға жол ашады.

Барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс!

Жастарымыздың энергиясы мен идеялары – болашақтың кепілі!  


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz