Ашық есік күні – болашақ мамандармен жүздесу!


ЖШС «Мунайтелеком» @mtcom.kz «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледжіміздің «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2 курс студенттері үшін ашық есік күн өткізді.

Іс-шара барысында студенттер өндірістік базамен танысып, серіктестердің қызметін атқаруда қолданылатын өндірістік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесін алды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби дағдыларын шыңдап, өндірістік ортаға бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді. 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz