Болашақ – технология мен ұлттық рухты үйлестіре білген жастардың қолында!

1 курс студенттері үшін «Жасанды интеллект және ұлттық мұра» тақырыбында мазмұнды тренинг өтті.

Тренинг барысында білім алушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, оны ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда қалай тиімді қолдануға болатынын талқылады.

Студенттер заманауи технология мен дәстүрлі мұраның байланысын терең түсініп, өз идеяларымен бөлісті. Бұл кездесу олардың шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Болашақ – технология мен ұлттық рухты үйлестіре білген жастардың қолында! 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz