Білім күні- жаңа оқу жылының бастауы ғана емес, жарқын үміт пен жаңа мүмкіндіктердің күні! Бүгін колледжде “Білім күні. Бейбітшілік күні” тақырыбында салтанатты шара өтті.
Шарада колледж басшысы А. К. Жұмағали мен БКОЖЖ орынбасары М. А. Измухамедов жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Ал алғашқы қоңырау соғу мәртебесі үздік аттестат иегерлері Алланазарова Дильназ бен Сагингали Мединаға бұйырды!
Бұл күн – білімге деген құштарлықты арттырып, бейбіт өмірдің құндылығын ұлықтайтын ерекше мереке. Барша оқытушылар мен студенттерге жаңа оқу жылында табыс пен жетістік тілейміз!

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz