Колледж қызметкерлерінің балаларына арналған “Адасқан Аяз ата” тақырыбындағы жаңа жылдық мерекелік шара жоғары көңіл-күйде ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, қызықты ойындарға қатысып, ән айтып, би биледі. Адасып кеткен Аяз атаны бірге іздеп, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті.
Шара соңында Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтарын табыстап, балғын жүздерге қуаныш пен шаттық сыйлады.

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz