Жаңа сұранысқа ие біліктілік – өңір колледжінде!


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығына (ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 13 мамырдағы №127-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерге) сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізіліміне жаңа, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие біліктілік енгізілді.

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК оқу процесіне енгізу үшін білім беру бағдарламаларының тізіліміне 06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығы бойынша 4S06130106 – Жасанды интеллект технигі біліктілігіне арналған білім беру бағдарламасы енгізілді.

Аталған бағдарлама Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «6B06104 – Жасанды интеллект және деректерді талдау» модульдік білім беру бағдарламасымен синхрондалған. Бұл түлектердің колледжден кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруына және жасанды интеллект, деректерді талдау салаларында кәсіби құзыреттерін одан әрі дамытуына мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да басты технологиясы. Осы бағыттағы жаңа біліктіліктің ашылуы өңірімізде бәсекеге қабілетті, цифрлық экономика талаптарына сай мамандар даярлауға тың серпін береді 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz