«WorldSkills Kazakhstan» кәсіби шеберлік чемпионатының BabySkills ерте кәсіптік бағдар беру жобасы аясында Ақтау қаласының бөбекжай орталықтарымен бірлескен тиімді жұмыстарымыз жалғасып келеді.
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқытушылары Сдыкова Г.Г. және Батырғалиева А.Қ. «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша балабақша тәрбиеленушілеріне қызықты әрі танымдық ойын-сабақ өткізді. Сабақтың басты мақсаты — балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру, еңбектің құндылығын түсіндіру.
«Еңбектің наны тәтті» атты ойын барысында бүлдіршіндер еңбек ету, табыс табу, ақша жинау және оны дұрыс жұмсау жөнінде алғашқы түсініктерін қалыптастырды. Мұндай ерте жастан берілетін қаржылық білім мен кәсіптік бағдар — болашақта бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызды қадамы.
Бағдарламаға келесі бөбекжай орталықтары белсенді қатысты:
«Балауса» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
«Жұлдыз» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
«Кәусар» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
Балалардың қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытатын осындай сабақтар алдағы уақытта да жалғасын табады!

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz