Қазақстандық студенттердің халықаралық жетістігі!


2025 жылдың 10–15 желтоқсан аралығында Қытайдың Шаоян қаласында өткен BRICS Skills Competition (BRICS+ Future Skills & Tech Challenge) халықаралық чемпионатында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің командасы үлкен жетістікке қол жеткізді!

BRICS-FS-16 / Internet of Things («Интернет заттар») бағыты бойынша өткен халықаралық финалда:

3-орын (қола жүлде)

Қатысушылар: Баянов Сүндет, Разаман Ануар

Эксперт: Әділбай Жақсылық

Чемпионатқа 9 елден келген 82 команда (оның ішінде 17 халықаралық) қатысты. Бұл – Қазақстан жастарының кәсіби шеберлігі мен техникалық білімінің халықаралық деңгейде мойындалғанының жарқын дәлелі!

Біз – болашақтың білікті мамандарымыз! 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz