Колледж ұжымының жиыны өтті

Колледж ұжымы ағымдағы мәселелерді талқылау үшін жиналды. Жиын барысында колледж басшысы:

Едус платформасының толтырылу деңгейіне тоқталып, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті;

Білім алушылардың тәртібін жақсарту және тәрбиелік шараларды күшейту жайында ой бөлісті;

Жасанды интеллектті оқу үрдісіне қосу мүмкіндіктері туралы айтып, заманауи білім беру талаптарына сай жаңа бағыттарды енгізудің маңыздылығын жеткізді.

Жиын барысында ұжым мүшелері пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Қабылданған шешімдер алдағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталатын болады 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz