КОРЕЯ ТӘЖІРИБЕСІ – КОЛЛЕДЖ ДАМУЫНА СЕРПІН!

2025 жылдың 29 қазан күні

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі ұжымы

Оңтүстік Кореяның Асан қаласында орналасқан Hoseo University базасында болды.

Кездесу барысында университеттің заманауи материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен, инновациялық жобаларымен танысып, білім беру жүйесіндегі цифрлық шешімдерді көрдік.

Сонымен қатар, болашақ ынтымақтастық пен бірлескен жобалар бойынша мазмұнды келіссөздер жүргізілді.

Бұл сапар – колледжіміздің халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, әлемдік білім кеңістігіне ашықтығын көрсететін маңызды қадам болды!

Жаңашылдық пен сапалы білім жолындағы мұндай байланыстар – біз үшін бағалы тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктер көзі! 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz