ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ахметжанов Асылбек Амантайұлы колледжге келіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.
Вице-министр колледж музейін аралап, оқу кабинеттеріне шолу жасады.
Шеберханаларда болып, оқу-тәжірибе сабақтарының өткізілу барысын бақылап, студенттердің іс жүзіндегі дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстарға жоғары баға берді.
IT hub орталығында колледждің жасанды интеллектті оқу үрдісінде қолдану тәжірибесімен танысып, бұл бағыттағы бастамаларды ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар әзірлеп жатқан «Ақылды үй» және «Смарт колледж» жобаларына оң бағасын берді.
Балабақша балаларына арналған «Go Bala» виртуалды ойын жобасы да министрлік өкілінің көңілінен шықты.
Осындай жоғары деңгейдегі баға мен қолдау колледж ұжымын одан әрі шабыттандырып, білім беру сапасын арттыруға жаңа серпін берді
Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz