Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына саяхат

11 қыркүйек күні СЖБ-4/25 тобының кураторы Ж.Ж.Мектепова мен топ студенттері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына саяхат жасап, кітапхана жұмысының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Іс-шара барысында студенттер кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен, қызмет көрсету бағыттарымен жақынырақ танысып, әдеби және мәдени мұралар жайлы мағлұмат алды. Бұл кездесу жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға септігін тигізеді. 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz