Наурыз — ұлыстың ұлы күні!

Алғашқы бөлімде пән бірлестіктері мен колледждің кіші техникалық персоналдарынан құралған топтар қазақтың ұлттық дәстүрлері мен салт-дәстүрлерінен қойылымдар көрсетіп, өзара сынға түсті. Әр топтың өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Екінші бөлімде мерекелік дастархан жайылып, қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар, қазақтың байырғы ойындары — шұбат ішу, ит көйлек тігу, ақсүйек, садақ ату сияқты қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Бұл ойындар қатысушылардың көңілін көтеріп, мерекенің шырайын аша түсті.
Осылайша, ұжымымыз Наурыз мерекесін ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, ұйымшылдықпен атап өтті. Әрбір қатысушыға ризашылығымызды білдіреміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 

© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz