ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МҰРАЖАЙҒА БАРДЫ..


Жастар қанатының жиыны аясында «Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде орналасқан Нұрлыхан Бекбосынов атындағы мұражайға арнайы барды.

Мұражайда қонақтарға білікті ұстаз, өлкетанушы Венера Айынова жан-жақты мәлімет беріп, марқұм Нұрлыхан Бекбосыновтың өмір жолы мен еңбек жолына кеңінен тоқталды. Ол – өлкедегі алғашқы мұнайшы-геологтардың бірі, Маңғыстау өңірінің мұнай-газ саласының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ерен тұлға.Таныстырылым барысында қатысушылар мұражайда сақталған тарихи құжаттармен, фотосуреттермен және еңбек жолынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты. Бұл тағылымды кездесу жастарға еңбекқорлық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсетті.Сонымен қатар партия мүшелері колледж ғимаратын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, студенттерге жасалып отырған жағдайлармен танысты. Кездесу білім ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысуға мүмкіндік берді.Аталған іс-шара жастарға тарихи тұлғаларды таныту, өңір тарихына құрметпен қарау және патриоттық тәрбие беру бағытында маңызды қадам болды.

 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz