Қазіргі қоғамда жастардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығы – аса маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта студенттермен мазмұнды әрі пайдалы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында Аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Маденова Райса Ивановна және тәжірибелі психолог Мусрепова Хадиша Күлтасовна жастарға өмірде жиі кездесетін, бірақ көп жағдайда ашық айтыла бермейтін өзекті тақырыптар туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Атап айтқанда,
некеге мәжбүрлеу,
сталкинг,
буллинг,
әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның салдары талқыланды.
Спикерлер студенттерге өз құқықтарын білу не үшін маңызды екенін, қиын жағдайға тап болған кезде қайда және кімге жүгіну керектігін, сондай-ақ психологиялық қолдаудың рөлі туралы нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық диалог форматында пікір алмасу өтті.
Мұндай кездесулер студенттердің өз шекарасын қорғай білуіне, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік танытуына және бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Қауіпсіз орта – әрқайсымыздың саналы таңдауымыздан басталады. Білімді болу – өзіңді қорғаудың алғашқы қадамы.

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz