Ұстаз – ұлттың шамшырағы!

Бүгін Ақтау қаласындағы «Хан Шахар» сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі үшін бұл күн ерекше қуанышпен өрілді – колледжіміз «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсы аясында 500 000 теңге көлеміндегі ынталандыру марапатына ие болды. Бұл – ұжым еңбегінің, сапалы білім мен жүйелі жұмыстың айқын көрінісі!

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай @mangystau_oblysynyn_akimdigi арнайы қатысып, өңір ұстаздарын төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Мерекенің сәнін келтірген – Қазақстанның халық әншісі Тамара Асардың @tamara_assar_official әсерлі ән шашуы болды. Ұстаздарға арналған бұл рухани тарту барша көрерменнің көңілінен шығып, ерекше эмоция сыйлады.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі ұжымы атынан мерекені ұйымдастырған облыстық білім басқармасына @mangystau_obl_bilim_baskarmasy және барлық жауапты тұлғаларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық шабыт және шәкірт биігін тілейміз! 


© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz