«TurkicSkills–2025» халықаралық чемпионаты аясында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі білім саласындағы серіктестікті кеңейту мақсатында бірқатар шетелдік және отандық ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасты.
Атап айтқанда, келісімдер келесі ұйымдармен жасалды:
Rongwen Zhixing (Suzhou) Consulting Co., Ltd. – (CEO Ailina Keyimu)
ЖШС «Халықаралық білім және инновациялар орталығы» (Абзал Айман Съезбекқызы)
Бурунгур ауданының №1 Политехникумы (Намазов Мурод Султонович)
Бұл әріптестік техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Осындай халықаралық серіктестіктер колледж студенттеріне жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға өз үлесін қосады!
Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техническое обслуживание Mediana.kz