Колледжде экономиканы салалық ерекшеліктеріне сәйкес мамандықтар бойынша тиімді кадрлармен қамтамасыз ету үшін түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешуге сараптамалық-техникалық көмек көрсету мақсатында Индустриалды кеңес құрылды. Колледждің индустриалды кеңесінің құрамына әлеуметтік серіктестік кәсіпорындарының өкілдері, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушылары кірді.
Кеңесті құрудың мақсаты – экономика салаларындағы еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында дуальды оқыту бағдарламаларын, модульдік-құзырлы тәсілді әзірлеуге көмек көрсету.
Индустриялық кеңестің міндеттері интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, заманауи білім беру бағдарламаларын және инновациялық жабдықтарды құру және енгізу болып табылады. Педагогикалық ұжымның интеллектуалдық әлеуетінің сапасын арттыру, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және сатып алу, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын енгізу, колледж имиджін насихаттау.
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz