Талапкерлер мен олардың ата-аналары жиі қоятын сұрақтар

1 сұрақ: Колледж түлектеріне қандай диплом беріледі?

Жауап: Колледж түлектеріне Қазақстан Республикасының кез-келген аймағында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

2 сұрақ: Колледждің лицензиясы бар ма және аккредиттеуден өтті ме?

Жауап: Колледжде барлық мамандықтарға оқыту лицензия негізінде жүзеге асырылады.

2023-2024 оқу жылында Халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту және жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысы білім басқармасының қолдауымен Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі және Франция Республикасы Париж академиясымен (Париж білім министрлігі) бірлесе халықаралық институционалды және 3 мамандық бойынша салалық аккредиттеуден өтті:

-          07130200- Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша);

-          07140100- Технологиялық процестерді  автоматтандыру және басқару (бейін бойынша);

-          06130100- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша).

3 сұрақ: Колледждегі қай мамандық сұранысқа ие?

Жауап:  Колледжде оқытылатын барлық мамандықтар сұранысқа ие.

4 сұрақ: Колледжге ҚР куәлігі немесе төлқұжатынсыз түсуге бола ма?

Жауап: Колледжге түсу кезінде міндетті түрде сіз қай елдің азаматы болсаңыз да, оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады.

5 сұрақ: Колледжде оқып жүрген кезде білім алушы әскерге шақыртылады ма?

Жауап: «Әскери қызмет және мәртебе туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Қазақстан Республикасының Заңымен білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: тиісті білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын азаматтарға, рухани (діни) білім беру ұйымдарында күндізгі білім алуға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күндізгі оқу сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында, бір жоғары оқу орнын бітіргенге дейін оқығаны туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде.

6 сұрақ: Басқа қаладан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіле ме?

Жауап: Колледж басшысының бұйрығы негізінде студенттер қатарына қабылданғаннан кейін ғана жатақхана басқа қаладан келген студенттерге колледжде оқу кезеңіне беріледі.

7 сұрақ: Талапкердің өзі білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасай ала ма?

Жауап: Иә, кәмелетке толған жағдайда. Кәмелетке толмағандармен білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде ата-аналардың (заңды өкілдің) қатысуы қажет. Ата-аналардың өзімен бірге жеке куәлігі немесе төлқұжаты болуы міндетті.

8 сұрақ: Аттестаттар конкурсы дегеніміз не?

Жауап: Аттестаттар конкурсы-бұл аттестаттағы барлық пәндер бойынша орташа балл есебімен талапкерлер аттестаттарының рейтингі.

9 сұрақ:  Сіздің колледжде қандай мамандықтар бойынша білім алуға болады? 

Жауап: Мамандықтар мен кәсіптер туралы ақпарат колледждің ресми сайтында «Талапкерге» бөлімінде орналастырылған.

10 сұрақ: Ақылы топта оқитын студент бюджеттік топқа ауыса алады ма? 

Жауап: Иә, егер:

-    бюджеттік топта бос орын болған жағдайда;

- студенттің академиялық қарызы жоқ және аттестатталатын пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары жоқ болған жағдайда;

-     үміткерлер арасында үздік студент.

11 сұрақ: Колледж түлектеріне қандай диплом беріледі? 

Жауап: Техникалық және кәсіптік білімі туралы диплом.

12 сұрақ: Оқып жүріп, жұмыс жасауға болады ма?

Жауап: Болады, егер жұмыс Сізге сабақ кестесін сақтауға және үй тапсырмаларын орындауға кедергі келтірмесе. Жоғары курс студенттері оқу барысында мамандық бойынша жұмыс жасай бастайды, бірақ, жоғарыда аталған шарттарды жағдайда.

13 сұрақ: Мен басқа колледжде оқимын, бірақ Сіздің оқу орныңызға ауысқым келеді, мүмкін бе?

Жауап: Білім алушыларды ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа тұрғылықты жерге көшкен жағдайда растайтын құжаттар ұсынылған кезде оны демалыс кезеңінен тыс ауыстыруға жол беріледі.   


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz