«Dosti Skills-2025» Халықаралық салалық достық чемпионаты

«Dosti Skills-2025» Халықаралық салалық достық чемпионаты аясында Halyk Arena спорт кешенінде колледждің өндірістік оқыту шеберлері «Баламалы жаңартылған энергетика» оқу стенді және «Энергетика саласы студенттеріне арналған виртуалды шындық (AR/VR) симуляторы: Әуе электр жеткізу желісіндегі ақауларды түзету» тақырыптары бойынша көрмеге белсенді қатысуда. AR/VR технологиясы арқылы шынайы жағдайға ұқсас ортада жұмыс жүргізу – студенттердің кәсіби машығын дамытып, заманауи энергетика саласына бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, баламалы энергия көздері бойынша тәжірибелік білім ұсынылып, келешек мамандарға экологиялық әрі тиімді шешімдер таныстырылды. Бұл – болашақ энергиясы мен заманауи білімнің түйіскен нүктесі!  

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz