«Әңгіменің хас шебері»

Қараша айының 6-ші жұлдызында «Әңгіменің хас шебері» атты тәрбие сағаты АжБ-4/24 тобына өткізілген болатын.

Мақсаты:

Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру;

• Жазушының әңгіме жанрындағы шеберлігін көрсету, оның шығармалары арқылы адамгершілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу;

• Оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, сөз өнерін құрметтеуге баулу.

Ең алдымен топ жетекшісі Агатаева Марал Умбеткалиевна сөз сөйледі:

Бейімбет Майлин ауданында 26 қыркүйекте Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин – өлкеміздің мақтанышы» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Бейімбет Майлин-қазақ әдебиетінің туылуына және қалыптасуына көп үлес қосқан жазушы, оның проза, поэзия және драматургия сияқты жанрларының өркендеуіне және ашуына үлкен үлес қосқан. Майлин туған ауылын, туған халқын, туған жерін шын жүректен жырлады. Б.Майлиннің шығармашылығы – жас ұрпақ үшін керемет әдеби мектеп.

Ең бастысы білім алушыларды елін сүюге, сыйлауға, үлкенге ізетті етуге тәрбиелеу. 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz